Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қор ұжымына жаңа басшыны таныстырды. 2 сәуір күні Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы лауазымына Айдын Құлсейітов тағайындалды.
Қор ұжымына жаңа басшыны таныстыру барысында министр Ақмарал Әлназарова оның мемлекеттік қызметтегі және корпоративтік сектордағы тәжірибесі мол екенін атап өтті.
Айдын Құлсейітов Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Инженер-экономист», сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік басқару менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын жеке секторда бастап, басшылық қызметтер атқарған. Кейін мемлекеттік қызметке ауысып, Индустрия және сауда министрлігінде, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде жұмыс істеді. Сонымен қатар «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
2017 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінде басшылық қызметтерде болды. Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды, онда әлеуметтік саясат және реформалар бағытымен айналысты.

02.04.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025